Жоспарланған және бұған дейін кешіктірілген рейстердің ұшу уақытын әуе компанияларының өкілдерінен нақтылау қажет. Бұдан бөлек, бүгіннен бастап Маңғыстау облысында барлық бағдарлар бойынша қоғамдық көлік жүре бастады.
14:27, 08 Қаңтар 2022
Ақтауда әуе қатынасы қалпына келтірілді
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Ақтау халықаралық әуежайы өз жұмысын қалпына келтірді. Әуе айлағының директоры Меруерт Жолдыбаеваның айтуынша, әуежайдан ұшу бүгін сағат 10:00-ден басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық комендатураға сілтеме жасап.