Облыстық ТЖД мәліметінше, «Hyundai» маркалы автокөлік 14 тамыз күні сағат 7:39-да 32 «а» шағын ауданындағы №8 үйдің алдында жанып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, өрт сөндірушілер жедел жетіп, өртті сөндірген. Адамдар аман.
«Сол күні сағат 9:00-де Қарақия ауданында Жетібай ауылынан 25 шақырым жерде, Ақтау-Жаңаөзен тас жолында тағы бір көлік өртенген. «SsangYong» маркалы автокөлік толығымен жанып кетті», - деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
Бұған дейін Ақтау қаласы маңындағы тас жолда автокөліктің жарылғаны хабарланған болатын.
Фото: lada.kz