Айта кетейік, кеше осы ойыққа «МАЭК-Казатомпром» ЖШС-і автобусының дөңгелегі түсіп кеткен. «Қала жолдары» ЖШС мамандары таңертеңнен бері бұл мәселені шешу ісіне кірісті.
«3-4 жыл бұрын бұл жердің астына құбыр желісі орнатылған, оның жұмыстарын мердігер ұйымдар атқарды. Бірақ ол асфальттің шөгуіне себеп болуы мүмкін емес. Шұңқыр жақында жауған жаңбыр салдарынан болды. Кей жерлерінде ауа қалып қойған сияқты. Шұңқырдың аумағы 2 шаршы метрді қамтыса да, біз 12 шаршы метр жолды жөндеуге дайындап жатырмыз. Таңертеңнен бастап шұңқыр орыны тазаланып, жаңа асфальт төсеу жұмыстары басталды», - деді «Қала жолдары» ЖШС-інің өндіріс жөніндегі директоры орынбасарының уақытша міндетін атқарушы Асқар Жұмашев.