Жол апаты 11 сәуір күні түсте 30-шағын ауданда болған.
Апат туралы ақпарат 102 кезекші пультіне 13:10-да келіп түскен. Оқиға орнына «Сұңқар-9» патрульдік полиция батальонының қызметкерлері барды.
Белгілі болғандай, «Toyota Alphard» минивэні басты жолда келе жатқан Opel Vectra көлігіне жол бермеген. Салдарынан екі көлік соқтығысқан.
Зардап шеккен жүргізуші Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде.