Полицияның мәліметінше, оқиға бүгін, 28-ші қыркүйекте болған. Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі мен полиция келген.
«Сағат 13:21-де «102» нөміріндегі кезекшіге 13 шағынауданды адамның үйдің төбесінен құлағаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр», -деп хабарлады полициядан.