Ақтауда балалар жарақат алған үш балабақша директоры жауапкершілікке тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау прокуратурасы қараусыз қалып, жеңіл жарақат алған үш балабақшаның тәрбиеленушілерінің құқықтарын қорғады.

Ақтау қаласының прокуратурасы «жедел топ» сенім телефонына келіп түскен тәрбиешілер баланы қараусыз қалдыру салдарынан «Сұлтан», «Әсем-ай» және «Түймеқыз» мектепке дейінгі мекемедегі балалардың жеңіл дене жарақаттарын алғаны туралы ақпаратты талдады.

Ақтау қаласы прокуратурасында келіп-түскен ақпараттың расталғанын хабарлады, осыған байланысты анықталған фактілер бойынша Маңғыстау облысы Білім беру саласын бақылау департаментіне заңды бұзушылықты жою туралы ұсыным енгізілді. Жоғарыда көрсетілген балабақшаның директорлары 50 АЕК көлемінде айыппұл төлей отырып, ҚР ӘҚтК 409-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.