Сотталушы 2018 жылдың 29 қаңтарында Алматы қаласында орналасқан «Нұрбанк» АҚ-ның «25-52» номерлі тегін желісіне шығып, «Ақтау қаласындағы банктің филиалын жаратынын» айтқан. Сот айыпқа тартылған азаматтың бұл істі терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау мақсатында жасағанын анықтаған.
«Осыдан кейін оқиға болған жерге Маңғыстау облыстық ІІД, ТЖД, Ақтау қалалық жедел және шұғыл медициналық жәрдем стансасы барды», - деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.
Ақтау қалалық сотының үкімімен жалған террорист ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша айыпты деп танылып, оған 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда ҚР ҚК-нің 63-бабына сай тағайындалған бас бостандығынан айыру жазасы сол мерзімге шартты түрге ауыстырылып, оған пробациялық бақылау белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.