Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 8 шілдеде Ақтау қаласындағы барлардың бірінде болған. Екі азаматтың арасында жанжал туындап, олардың бірі «Аңшы сигналы» іске қосу құрылғысын қолданып, екінші азаматтың бетін жарақаттаған.
- Аталған дерек бойынша бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетіліп, кейін үйіне жіберілді, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматы метросында төбелескендерге айыппұл салынғанын жазған едік.