Ақтауда «Барлау. Өндіру» «ҚазМұнайГаз» АҚ аймақтық филиалы ашылды

None
АҚТАУ. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Ақтауда «Барлау. Өндіру» (БӨ) «ҚазМұнайГаз» АҚ аймақтық филиалы ашылды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«БӨ» «ҚазМұнайГаз» компаниясының аймақтық филиалының ашылуы осы компанияға қарасты «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының кен орындарын және басқа да кеніштерді игеру жұмысын тиімді етуге арналған. Әрі облыстағы әлеуметтік мәселелерді шешуге де оң ықпалын тигізбек. Құрамында 25 -ке жуық  адам бар арнайы топ жергілікті атқарушы органдармен әлеуметтік жобалар бойынша тығыз әріптестік қатынаста болмақ. «БӨ» «ҚазМұнайГаз»  АҚ бас директоры Кенжебек Ибрашевтің айтуынша, филиал жұмысында  «Өзенмұнайгаз» мекемесінің жұмысшыларының әлеуметтік- тұрмыстық жағдайларын жақсарту бағдарламалары бар.