Ақтауда базар маңындағы сауда павильонынан өрт шықты

АҚТАУ. KAZINFORM - Ақтау қаласында «Көк базар» сауда базары аумағында жеке тұрған жеміс павильонынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Фото: ТЖМ

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, өрт сағат 21.47-де оқшауланып, сағат 21.52-де сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 50 шапһршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталуда.