МО полиция департаментінің хабарлауынша, 21 қазан күні сағат 18:00 шамасында 32 в шағын ауданындағы пәтерлердің бірінде жалпы салмағы 30 келі бекіре тұқымдас балық тәркіледі.
Дәл осы табиғатты қорғау инспекция қызметкерлері, 14 шағын аудана «Рено Дастер» маркалы автокөлігін тоқтатып тексерген. Нәтижесінде көлік жүксалғышынан жалпы салмағы 52 келі бекіре тұқымдас балығын тәркіледі.
Бұл деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі амалдары жүргізілуде.