Оқыс оқиға қаладағы дәмханалардың бірінде болған. Маңғыстау облыстық ауруханасының травматология және ортопедия бөлімінің дәрігер-ординаторы Есет Шахатбаевтың айтуынша, 11 қараша күні таңертеңгі сағат жетіде ауруханаға пышақ жарақаттарымен екі жігіт жеткізілген.
«Олардың біріне қазір ота жасалып жатыр, ал екіншісін отаға дайындау үстіндеміз», - деді ол.
Оқиға туралы қазірге толық мәлімет жоқ.