Оқиға 16 шағын ауданының «Таң самалы» тұрғын үй кешенінің пәтерлерінің бірінде болған. Сотталушы мен оның танысы сөзге келіспей қалып, арада кикілжің туындаған.
«Айыпкер танысын буындырып, соның салдарынан жәбірленуші жан тапсырған, - деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметінде.
Сотталушы ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігінде қарастырылған қылмысты (адам өлтіру) жасағаны үшін айыпты деп танылды. Сот айыпталушыны 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот өкімі заңдық күшіне енді.