«Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар шеруі мектепте жыл сайын өткізіліп келеді. Іс-шараның басты мақсаты – Тәуелсіздік мерекесін ұлықтаумен қатар, мектеп оқушыларына ұлттық дәстүрді насихаттау.
Мерекелік іс-шараға «Қос перне» домбырашылар ансамблінен құралған 120 күйші қатысқан. Олар халық күйлерінен поппури, «Торжорға», «Ерке сылқым» секілді күйлерді бір уақытта орындаған.
«Халқымыздың мәдениеті мен музыкасын дәріптеу, өскелең ұрпақты ұлттық құндылықты ұлықтауға тәрбиелеуде бұл іс-шараның маңызы зор екенін айтқым келеді. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің қосымша білім беруді дамытудың 2030 жылға дейінгі концепциясы негізінде 7-сыныптар үшін домбыра сабағы міндетті түрде өткізіледі», - деді мектеп директоры Ринат Нұрланұлы.