Ақтауда бір тәулік бойы жылу берілмейді
19:47, 14 Қараша 2023
Ақтауда 15 қарашада магистральдық жылу құбырына апаттық жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты жылу өшіріледі. Бұл туралы «Каспий жылу, су арнасы» мекемесі мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
- Ақтауда 15 қараша күні сағат 00.00-ден 24.00-ге дейін аурухана қалашығы-1, 2, өндірістік аймақ, 16,17,18,18а, 26, 29а шағын аудандары мен 19, 20, 20а, 21, 27 шағын аудандардың кейбір үйлерінде жылу беру тоқтатылады, - делінген хабарламада.
Айта кетсек, 13 қарашада магистралдық ауыз су құбырында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты оннан аса шағынауданда су беру уақытша тоқтаған еді