Ақтауда «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында мүгедекке 600 мың теңгенің көмегі көрсетілді
Бұл ағымдағы жылы «Даму» қоры Маңғыстау филиалының «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында қайтарымсыз негізде көрсетіліп отырған екінші шара.
«Лаура барынша белсенді адам. Ол ұлттық киімдер тігу өндірісіне ұйытқы болды. Бұдан бөлек бауырларымен бірге тойларда, салтанатты қонағасында жұмыс істейді. Олар би билеп, өлең айтады, тұрақты табысқа да ие. Лаураға кәсіби музыкалық құрал-жабдықтар сатып алуға қолдау көрсету өтінішімен біз сүт өнімдері облысымызда ғана емес, көршілес елді мекендерде де зор сұранысқа ие «Millina Food Production Company Ltd» компаниясының басшылығына шықтық. Бізге бірден жауап беріп, компания көмек қолын созды», - деді «Даму» қоры Маңғыстау облыстық өңірлік филиалының директоры Бауыржан Өтепбаев.
Лаураға қажетті музыкалық құрал-жабдықтың 6 түрінің төртеуі ғана берілді. Ал қалған екеуіне Ресейге тапсырыс берген компания таяу арада оны Лаураның қолына табыстамақ.