Бұл туралы ҚазАқпарат tumba.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға бүгін, 31 шілде күні «Сигл» демалыс орнында болды.
«Кезекшілік бөліміне өрт туралы хабар сағат 18:23 минутта түскен. Өртті сөндіруге 5 арнайы техника мен 40 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Өрт сағат 18:15-те ауыздықталып, 15 минуттан соң толықтай сөндірілді»,-деді Назарәлі Селімов.
Оның сөзінше, жалын шарпыған аймақ 300 шаршы метрді құрады, ал мейрамхананың аумағы 350 шаршы метр.
Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз, қазір оны мамандар анықтап жатыр.