Дін басқармасының басшысы Мақсатбек Маханбетовтың мәліметінше, бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес жаппай суға шомылу рәсіміне шектеу қойылған.
«Аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Маңғыстау облысының Бас санитарлық дәрігердің 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1 «Маңғыстау облысының аумағында коронавирус инфекциясының алдын алу туралы» Қаулысының 6-тармағы 3-тармақшасына сәйкес діни бірлестіктерге ұжымдық бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынғанын негізге ала отырып Маңғыстау облысының әкімдігімен Православ христиандарының «Шомылдыру рәсімі» мерекесі күні діни жоралғыларды орындау үшін теңіз жағасында жаппай суға түсу рәсімінің өткізілуіне шектеу қойылды»,- деді ол.
Сондай-ақ, Ақтау қалалық «Благовещенск Приходы Орал Епархиясы» жергілікті православиелік діни бірлестігінің протоиерейі Игорь Выриков суға түсі рәсімін теңіз жағасында жасамауының себебін түсіндірді.
«Діни бірлестіктерді және облыс тұрғындарын күшейтілген санитарлық - дезинфекциялық режимді сақтауға және өміріңізге қауіпті індеттен сақтануға шақырамыз»,-деді протоиерей Игорь Выриков.