Әкімдіктің ресми ақпаратына сүйенсек, бұл шектеу оқу-жаттығу іс-шараларын өткізуге байланысты қабылданып отыр.
— Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация комитетінде тіркелмеген және белгіленген тәртіппен есепке қойылмаған пилотсыз әуе кемелері (дрондар) анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 563-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынатынын ескертеміз, — делінген әкімдіктің хабарламасында.
Бұған дейін дрондар мен жасанды интеллект энергетикадағы ақауларды ерте анықтауға мүмкіндік беретіні туралы жаздық.