Қылмыстық іс Ақтау қалалық сотында қаралып, күдікті кінәсін толық мойындаған және басқа да айғақтармен оның іс-әрекеті дәлелденген.
Жалпы мұндай жағдайда ҚР Қылмыстық Кодекстің 293-бабы 1-бөлігінің санкциясында 500-ден 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 300-ден 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға және 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
– Сот жаза тағайындау барысында сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот үкімімен ол Қылмыстық Кодекстің 293-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - дейді Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі.
Бұған дейін, өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазған болатынбыз