Ақтауда джиу-житсудан Әлем чемпионатына жолдама тапсырылады

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Енді екі күннен кейін Ақтауда ерлер мен әйелдер арасында джиу-джитсудан Қазақстан чемпионаты басталады.

Төрт күн бойы, 18- 22 қыркүйек аралығында  еліміздің джиу-джитсудан  ең күшті спортшылары айқындалмақ. Үздіктері спорттың осы түрі бойынша ағымдағы жылы 27-29 қарашада Вроцлавта (Польша) өтетін әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады.

Чемпионат Ақтауда 1 шағынаудандағы «Қаракөз» спорт кешенінде өтеді.

Бұл бәсекеге қатысуға қазірдің өзінде 124 спортшы өтініш білдіріп отыр. Тіркеу 19 қыркүйекте аяқталады.