ҚР Дзюдо федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған турнирге Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Греция, Грузия және Алжирден 150-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған.
Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сай лицензиялық жарыс саналатын ашық Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпайлар беріледі:
1 орын - 100 ұпай
2 орын - 70 ұпай
3 орын - 50 ұпай
Екі күнге созылатын жарыс кестесін назарларыңызға ұсынамыз:
3 қараша
Ерлер: -60 кг, -66 кг, -73 кг
Әйелдер: -48 кг, -52 кг, -57 кг, -63 кг
10:00 - жарыстың басталуы
16:30 - жарыстың ресми ашылу салтанаты
17:00 - финал
4 қараша
Ерлер: - 81 кг, -90 кг, -100 кг, 100 кг
Әйелдер: - 70 кг, -78 кг, 78 кг
10:00 - жарыстың басталуы
17:00 - финал