НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтау қаласында ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, бүгін басталған жарыста 105 қыз, 168 жігіт бақ сынауда.
Ақтаудағы додаға ел құрамасының бірінші нөмірлі спортшылары түгел келген. Балуандар бәсекесін Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалымжан Жылгелдиев бастаған мамандар бақылауда.
Жарыс санитарлық талаптарға сай, көрермендерсіз өтуде.
Ел чемпионатында алғашқы болып әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды.
Нұр-Сұлтан қаласының өкілі Ақмарал Науатбек финалда алматылық Ғалия Тынбаеваны ұтып, чемпион атанды.
Атыраулық Абиба Абужақынова мен қарағандылық Маргарита Бажаева қола жүлдеге ие болды.
Ел чемпионаты 21 желтоқсанда мәреге жетеді. Әр салмақтың жеңімпаз-жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы беріледі.
Чемпионға 150 мың, екінші орын иегеріне 100 мың, қола жүлдегерге 50 мың теңге табыс етіледі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).