Автобустың биіктігі - 4 метр, сыйымдылығы - 67 орындық. Екінші қабат видеокамералармен жабдықталған. Еуропалық стандартқа сай жасалған.
«Негізгі мақсат - туристерге өлкенің әсемдігін өз көзімен көруге мүмкіндік жасау, экскурия ұйымдастыру. Қаладағы демалыс кешендерімен байланыс орнатудамыз. Бұл бір кештің ішінде қаламен танысып өту үшін жасалған тамаша мүмкіндік. Кәсіпкерлерден ұсыныстар болса, тағы да 2-3-ін әкелу жоспарда бар. Тіпті, облыс аумағында, елге танымал табиғи кешендерге, тарихи ескерткіштерге баруға болады»,-деді автобусты сатып алған мекеме өкілі Аслан Жағбалиев.