Ақтауда екі жұмысшы автобустың астында қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда көлік жөндейтін орталықтардың бірінде екі жұмысшы зардап шекті. Аяқ-астынан автобусты көтеріп тұрған құрал істен шығып, жұмысшылардың үстіне құлап түскен, - деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі Маңғыстау телеарнасына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға салдарынан жарақат алғандар шұғыл облыстық ауруханаға жеткізілген. Бір жұмысшы жеңіл жарақаттар алып, дәрігердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Ал екіншісінің жағдайы ауыр. Дәрігерлер қажетті ем-домын жасап жатыр.

«Айтуынша, жұмыста алған жарақат. Автобустың астында қалған. Қазір науқас жансақтау  бөлімінде жатыр. Оң жақ сан, оң жақ қолын күйік шалған. Сосын терілері тілініп қалған»,-дейді МО ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Есет Шахатбаев.