«Ұлттық мереке қарсаңында экопункт ашылды. Бұл жоба экологиялық мәселелерді шешуге көмек береді. Бәріңізге белгілі, қоршаған ортаның тазалығы - бүгінгі таңда әлемдік деңгейдегі күрделі мәселе. Сол себепті әрбіріңізді осындай бастамаларға қолдау көрсетуге шақырамын. Жаңа Қазақстан өзімізден басталатынын ұмытпайық!- деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Әбдеш Түркменбаев.
Жоба 2019 жылы басталып, алғашқы нүктесі Жаңаөзен қаласында ашылған.
«Экопункт тазалық мәдениетін қалыптастырады. Тұрмыстық қалдықтарды өңдеуге тапсыру арқылы әлемді қоқыстан құтқарамыз. Пластикалық бөтелкелерді, қағазды, картон мен алюминий банкаларды, пластик қораптар мен химиялық қалдықтардың флаконын тапсыру арқылы ақша алуға болады, -деді «Qaita ondeu» ЖШС директоры Бекжан Тұрсынмағамбетов.
Айта кетейік, жаңа экопунктқа пластикалық қалдықтарды қабылдайтын фандомат қойылды.