Жауапты мекеме өкілдері шұғыл түрде баспасөз мәслихатын өткізіп, жағдайды түсіндіріп берді.
Негізгі себеп - тұрғындар арасында электр қуатының тұтыну көлемі ұлғайған. Мәселен, осы айдан бастап, электр қуаты 75 МВт-тан 120 МВт-қа дейін артқан. Соның салдарынан жоғары кернеулі электр желілері істен шыққан. «АУЭС» мамандары Приозерный, Приморский елді мекендері мен 6 шағын ауданда желілерді ауыстырған.
«Қазір қалада электр энергиясының тапшылығы жоқ. Жарықтың сөнуіне желілердің істен шығуы себеп болды. Бүгінгі күні барлық ақаулар орнына келтірілді. Келесі жылдан бастап ескірген кабель желілерін жаңарту жұмыстары жүргізілмек.
Ал, қалаға түсетін жүктемені азайту үшін 1 шағын ауданда қуаттылығы 25 МВт болатын «Хазар» қосалқы станциясының құрылысы басталған. Бұдан бөлек, болашақта ботаникалық саябақтың маңында қуаты 40 МВт болатын қосалқы станция салу жоспарланған.