Ақтауда ер адамның үстіне лифт құлап, қаза тапты
19:48, 24 Қазан 2023
Ақтауда 34 жастағы ер адамның үстіне лифті түсіп кетіп, қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
«24 қазан сағат 01:10 шамасында Ақтаудағы 3 шағын ауданда орналасқан ғимараттардың бірінде 34 жастағы ер адам үстіне лифт құлады.
Аталған дерек ҚР қылмыстық кодексінің 3-бабының 156-тармағы бойынша Ақтау қалалық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді» делінген баспасөз мәліметінде.
Сараптама тағайындалып, тергеу басталған.
Өзге ақпараттар тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.