Ақтау өрт сөндіру қызметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір газ тарату колонкасы жанған.
Оқиғаны көрген Жасұлан Жаймұхановтың айтуынша, өрт шамамен 15:50-де басталған. Қала тұрғынының пікірінше, жүргізушілердің бірі газ құю шлангасын орнына қоюды ұмытып кеткен болуы керек. Өрт сөндірушілер бригадасы келгенше газ толтыру стансасындағылар газ беруді тоқтатқан. «Тілсіз жау бірнеше минуттың ішінде ауыздықталды»,- дейді Ақтау өрт сөндіру қызметіндегілер.