Ақтауда халықаралық отбасы күніне орай «Махаббат марафоны» өтті

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда теңіз жағалауында халықаралық отбасы күніне орай жұптардың арасында жүгіруден «Махаббат марафоны» өтті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Марафон ұзақтығы - 2 шақырым, оған жас отбасылар қатысты.

«Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жұптар жарысқа атсалысып өз бақтарын сынады. Алдағы жазда бұқаралық спортты дамыту мақсатында отбасылық жұптар арасында масштабты түрде марафон өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық спорт бөлімінің басшысы Жамбыл Бисенқұлов.

Марафон қорытындысы бойынша 1-орынды Саян Агимов пен Ақмарал Нұрбаеваның жұбы иеленсе, 2-орынды Парасат Қаракүшіков пен Ақшархат Нұрланованың жұбы, 3-орынды Нұржан Закиров пен Гульжан Килыбаевның жұбы иеленді.

Жеңімпаздар арнайы дипломмен және медальмен марапатталды.