Ақтауда Иран елінің консулдығы ашылды
18:10, 03 Маусым 2009
АҚТАУ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Бүгін Ақтау қаласында Иран Ислам Республикасының консулдығы ашылды. Осыған орай облыс әкімдігінде салтанатты жиын өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жиында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев шетелдік меймандарды және маңғыстаулықтарды Иран елі консулдығының ашылуымен құттықтап, екі ел арасындағы өзара әріптестік негізінде алдағы атқарылар шаралардың бірқатарына тоқталып өтті. Консулдық Иран елі мен Маңғыстау облысының өзара байланысын нығайту, Ақтауда осы екі елдің мультимодальдық көліктік -логистикалық біріккен орталығының құрылуы және транзиттік жүк тасымалдауды жандандыруды қолға алу мақсатында ашылып отыр. Иранның осындағы консулы болып Сиед Алиреза Мортазави тағайындалған.