Ақтауда қара бетперде киген төртеу жергілікті тұрғынның үйіне қарумен кіріп келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда жеке сектордағы тұрғын үйге қарақшылық шабуыл жасалды. Сөмкелерін ақшаға, заттарға толтырған қылмыскерлер оқиға орнынан бой тасалаған.

Құқық қорғау органдарындағы дерекөз хабарлағандай, оқиға 10 желтоқсанда сағат 05:00- сағатта болған. «Шығыс-2» шағынауданында тұрғын үйге қара бет берде киген төрт белгісіз адам баса көктей кірген. Олардың бірінде қару болған, деп хабарлайды lada.kz

Үй иесін өлтіремін деп қорқытқан қылмыскерлер барлық бағалы затты сөмкеге салып беруді талап еткен. Олар 14 100 АҚШ долларын, 244 мың теңгені қолды еткен. Оның ішінде екі құндыз тон мен алтын бұйымдар, ұялы телефон да бар.

Полицияға 37 жастағы әйел жүгінген. Материалдық шығын анықталуда.

Оқиға фактісі бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде. Фото ren.tv