Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, ұсталған ер адам 1996 жылы туған, бұрын сотталған.
«Бүгін осы ер адам Ақтаудағы 11-ші және 26-шы шағын аудандардында қарақшылық шабуыл жасады. Сосын ол 11-ші шағын ауданға қайта келген, оны сол жерде криминальдық полиция қызметкерлері қолға түсірді», - делінген баспасөз баянында.
Аталған іске қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.