Осы қызмет түрі үшін Астрахан қаласында 35-40 адамдық арнайы 2 катамаран қайық жасалуда.
«Бұл жобаны «Туризм» бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банктен «Даму» қоры арқылы жылына 7,8%-дық жарнасы субсидияланған 80 млн теңгемен қаржыландырылды. Сондай-ақ, оған біз кепілдік бердік», - деп атап өтті «Даму» қоры» АҚ Маңғыстау облыстық бөлімшесінің менеджері Абай Момбеков.
«Катамаранның құрылысы үшін 80 млн теңге, яғни берілген несиенің сомасы жұмсалады. Алайда, инфрақұрылым салуымыз керек, сондай-ақ тұрақ пен қызмет көрсету жасауымыз қажет. Тұрақты 14 мөлтекауданға қарсы беттегі жағалауда тұрғызғымыз келеді. Бұдан бөлек, «Стигл» мен «Достар» жазғы демалыс базасы бұрынғы қайық тұрақтарын қолдануға ұсыныс жасады. Бұлардың барлығы бизнес-жоспарда көрсетілген. Сол себепті қосымша қаржыландыру мәселесі қарастырылуда және «Даму» қоры бұл жолы да қол ұшын береді деп үміттенемін», - дейді «Гуна-Актау» ЖШС директоры Наталья Ворожейкина.
Ол серуендеу маусымын мамыр айында бастамақшы, сондықтан катамарандардың құрылысы сәуір айында аяқталуы тиіс.
«Даму» қоры арқылы бір жылда 6547 млн теңгелік 127 жоба субсидияландырылды. Несиелердің жалпы сомасы 6,8 млрд теңгені құрайды. 770 млн теңгеге 56 кепілдеме берілді.