Автобус 36 шағынаудан орналасқан флагштоктан бастап «Tree of life» жағажайына дейін жолаушыларды тасымалдайды.
«Тұрғындар жаз мезгілінде теңізге көп барады. Сондықтан қала сыртындағы жағажайларға дейін жүретін №6 автобусты іске қостық. Аталған маршрут күніне 3 рет жолаушыларды тасымалдайды. Тағы бір айта кететін жайт, 1 маусым – балаларды қорғау күніне орай аталған маршрут балаларға тегін қызмет көрсетеді»,- деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұхан.
Айта кетейік, №6 «Ақтау - Жылы жағажай» бағытындағы автобус күнделікті 9:00-10:20, 11:40-13:20 және 18:20-19:20 аралығында жүреді.