Ақтауда кездейсоқ адамдар балаларды өрттен құтқарып қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өрт 22 желтоқсанда Ақтаудың 22 шағынауданында өндірістік база әкімшілік ғимаратының екінші қабатында болды.

Өрт сөндірушілер келгенше кездейсоқ жүргіншілер кәмелет жасқа толмаған екі баланы құтқарған. Бұл туралы Ақтау Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі хабарлады, деп жазды Lada.

Оқиға туралы дабылды өрт қызметіне кездейсоқ куәгерлер 12:34-те хабар берген. Әкімшілік ғимараттың екінші қабатындағы кеңселік жиһаз жанып кеткен. Өрт аумағы 20 шаршы метрді құрайды. Екінші қабат жалынға қақталған.

«Өрт сөндірушілер келгенше кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдар еңселік ғимаратта болған 4 және 5 жастағы ұл мен қызды құтқарып қалды. Балалардың анасы ғимарат жанындағы «777» дәмханасында болған. Ол сонда жұмыс істейді. Оқиғадан балалардың анасы есеңгіреп қалды, онымен психологтар жұмыс істеуде. Балалардың айтуынша, олар сіріңкемен ойнаған. Өрт 8 минутта ауыздықталды», - деп хабарлады мекемеден.

Тілсіз жауды ауыздықтауға  жеке құрамнан 15 адам және 4 арнайы техника жұмылдырылды.