Ақтауда кісі өлтірген күдікті ұсталды - ІІМ

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Ақтауда жанармай стансыларының бірінде болған жанжалдың салдарынан «Тойота» көлігінің жүргізушісі басқа көліктің жүргізушісіне оқ жаудырған.

«Алған жарақаттардан аталған әлгі адам тіл тартпастан көз жұмды», деді бүгін өткен апталық брифинг барысында Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов.

Полицейлер күдіктіні ұстады, тергеу амалдары жүргізілуде.