Бейнежазба авторының айтуынша, оқиға қараңғыда, теңіз жағалауында болған. Қыздың көмек сұрап айқайлаған дауысын естіген тұрғындар дереу көмекке барып, бойжеткенді құтқарған. Ер адам оны зорламақ болыпты. Тұрғындар күдіктіні полицияның қолына тапсырған.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаны растап, қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
— Бейнежазбадағы зорлауға оқталу әрекеті 11 наурыз күні болған. Дереу қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, тергеу изоляторына қамады. Іс жүргізу аяқталып, айыптау қорытындысымен прокуратура арқылы сотқа жіберілді, — делінген хабарламада.
Бұған дейін, Маңғыстаудың Бейнеу ауданында 11 бала бірдей диагнозбен ауруханаға жеткізілгені туралы жазған болатынбыз.