Таңертеңгілік уақытта қоғамдық көліктер әдеттегі кестесінен кешігіп, тұрғындарға біраз қиындықтар туғызды. Ал, такси жүргізушілері жағдайды пайдаланып, бағаны өсірді. Осылайша, таңертең жұмысына асығып жүріп тайып құлап, облыстық ауруxананың қабылдау бөліміне түскендер көп болды.
МО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің xабарлауынша, ауруxананың қабылдау бөліміне таңертеңгі 8-ден қазіргі уақытқа дейін 50 шақты адам келіп қаралған. Олардың 3-еуі ауруxанаға жатқызылыпты.
Қысқы дөңгелек ауыстырмаған көлік иелері де зардап шекті. Осы уақыт ішінде 5 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
МО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік апаты салдарынан денсаулығына зақым келгендер жоқ. Аталған фактілер бойынша ҚР Әкімшілік кодексінің 610-бабы, 1-бөлігі бойынша іс қозғалған.
Ауа райының күрт өзгеріп, көктайғақ болуына байланысты таңғы 7-ден бастап қала көшелеріне кұм-тұз шашу жұмыстары жүргізіліп жатыр.