Әлеуметтік желіде көліктің жарылған сәті бейнеленген видео тарады.
Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға кеше түнгі сағат 23:28 шамасында болған.
«34 шағын ауданда жолда келе жатқан «Daewoo Nexia Ns 150» маркалы көлігі толығымен жанып кеткен. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт 23:45-те ауыздықталды. Өртті сөндіруге мамандар мен 9 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.