Ақтауда көлік жүрген жер опырылып түсті
12:26, 18 Қыркүйек 2019
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Оқыс оқиға бүгін таңертең «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ ғимаратының алдында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Маңғыстау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғимарат алдындағы брусчатканың астында кәріз құдығы (люк) болған.
Айта кетейік, көлік иесі құқық қорғау органдарына шағымданбаған.