Ақтауда көлікке оқ атқандар Атырауда ұсталды
10:37, 21 Наурыз 2013
АТЫРАУ. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Атырауда «Құқық тәртібі» операциясы барысында ІІД қылмыстық полициясы басқармасының қызметкерлері Маңғыстау облысының полициясы іздеу салған 22 жастағы екі жігітті қолға түсірді.
«Ұсталғандарға 2013 жылдың қаңтарында Ақтауда болған кездерінде «Мазда-626» автомашинасына оқ атты деген күдік келтіріліп отыр. Жүргізуші мен жолаушы жарақаттанған. Қастықпен өлтіруді көздеу фактісі бойынша қолға түскендерге қарсы ҚР ҚК 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады ІІЛ баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәр Мұхтарова. Ұсталғандар Атырау қаласындағы ІІБ уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, ол жерден Ақтауға жіберіледі.