Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Назар Селимов мәлім етті.
«Өрт сөндірушілер келгенге дейін көлікте газ баллоны жарылды. Салдарынан көлік түгі қалмай өртеніп кетті. Қызыл жалынды ауыздықтауға «Пурга»көбік шашатын техника мен 6 адам жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ»,- деді Назар Селимов.
«Daewoo Nexia» жарылған кезде машина қалдықтары жақын жерде тұрған «Lada Granta» көлігін зақымдап, автомобильдің сол жақ бөлігі өртеніп кеткен.