Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт біраз аумаққа тарағанын жеткізді. Сондай-ақ, Бұдан бөлек, өрт кезінде термиялық күйікпен Өзбекстан Республикасының азаматы ауруханаға жеткізіліп, оның жағдайы ауыр екені белгілі болды.
«13 ақпанда сағат 21:40 шамасында Ақтаудың 28а шағын ауданындағы көлік дөңгелегін жөндеу орнында көлік шиналары отқа оранды. Жалын 42 шаршы метр аумақты шарпыды. ТЖД жеке құрамының 12 адамы мен 3 арнайы техникасы апат аймағына келді. Өрт 22:04-де толығымен ауыздықталды. Өрт сөндіру қызметінің өкілдері 40 литр болатын 2 газ баллонын сыртқа шығарды», - деді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Қазіргі уақытта оқыстан шыққан өрттің себебі анықталып жатыр.