ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, 6 мамыр сағат 00.56-да пәтерлердің бірі отқа оранды, өрт сағат 01.37-де сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 7 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. 16 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Өрт болған жерде 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды.
08:25, 07 Мамыр 2012
Ақтауда көппәтерлі үйде өрт болды, ер адам көз жұмды
АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Ақтауда 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйден өрт шықты.