Оған қос азаматтығы үшін сот шешімімен айыппұл салынып, елден шығарылды.
«Қос елдің азаматтығы бойынша Ресей Федерациясының азаматы Пресяжная Татьяна ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол Ақтау әуежайында қолға түсті. ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша Ақтау қалалық соты 496 мың теңге айыппұл салу туралы шешім шығарып, еліне жіберілді», - деп жазды Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Руслан Шманов.
Жалпы жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 11 шетелдік әкімшілік жауапкершлікке тартылған. Басым бөлігі Әзірбайжан, Өзбекстан азаматтары болған. Ал былтыр қос елдің азаматтығымен жүрген 10-нан астам адам анықталған.