Ақтауда Құлсарыдан эвакуацияланған балаларға спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды

АҚТАУ. KAZINFORM - Ақтауда оқушылар сарайының ұйымдастыруымен Құлсары қаласынан Маңғыстауға эвакуацияланған балалар арасында спорттық іс-шаралар өтті.

Фото: «Теңізшевройл» компаниясы

Қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінше, аталған шараға Құлсары қаласынан эвакуацияланған 200-ге жуық бала қатысқан. Сонымен бірге, балалар үшін аниматор кейіпкерлері көңіл-күй сыйлады.

"Аниматорлар бүлдіршіндер жүзіне күлкі үйірер жылы жүздесу ұйымдастыруға өздері ұсыныс білдірді. Орталықта түрлі бағытта үйірмелер мен спорт секциялары бар. Тәлімгерлер әр алуан ойындар өткізді", - деді Ақтау қаласындағы «Оқушылар сарайы» директоры Жанаргүл Жұмашова.

Сонымен қатар, шара барысында 4 баланың анасы құлсарылық Алмагүл Шудабаева эвакуация кезінде қолдау көрсеткен еріктілерге алғысын жеткізді.

Маңғыстау облысына Жылыой ауданындағы су тасқыны кезінде 18 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Оның ішінде 16 мыңнан астам Құлсары тұрғыны уақытша Бейнеу ауданына қоныстанды