Атап айтсақ, «Жамал-ай» ЖШС-ның 10-ға жуық тігін цехы, «Шуағыңды шаш» қоғамдық қорының мамандары белсенділік танытуда. Бұдан бөлек, волонтерлер де бар. Мәселен, көпбалалы аналар, жастар, мәдениет қызметкерлері, балабақша мен мектеп ұстаздары өз қолдарынан келгенше көмек көрсетуде.
Тігілген бетперделер күн сайын әлеуметтік осал топтағы отбасыларға, мүгедектерге, сауда орталықтарына, «Асар-с» базарына, «Дина» гипермаркетіне, қоғамдық көліктердегі тұрғындарға тегін таратылады. Одан бөлек, күн сайын қаладағы 2-47А, 6-36, 8-9, 13-5Б-1Б, 5-7, 28А-1, 32Б-22, 12-19, 28 ш/а «Ақжелкен» мекенжайларындағы дәріханаларға жеткізіледі.