Ақтауда күрделі жөндеуден өткен мектепалды гимназия ашылды

None
АҚТАУ. 7 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін, 7 тамыз күні бір жылдан астам уақытқа созылған күрделі жөндеуден кейін Ақтау  қалалық № 24 мектепалды гимназиясы ашылды. 

36 жыл бұрын салынған гимназия бұл жылдары бірде-бір рет жөнделмеген. 2011 жылы бұл мәселе билік көздері тарапынан оң шешім тапты. Алайда, қаржылық мәселелер жөндеуден ұзаққа созылуының себебі болды. Оны «Жамалбек» ЖШС орындаған. Жөндеу кезінде жұмыс тұрып қалмауы үшін оған өз қаражатын салды.

Жалпы алғанда, жөндеуге бюджеттен 241 млн. теңге жұмсалды. Мектепалды гимназияда жаңа кір жуатын кешен, ас әзірлейтін бөлме бар, инженерлік коммуникациялар толық ауыстырылды. Топтардағы балаларды ресейлік жаңа жиһаз күтуде. Учаскелерде жабық күркелер салынды, түрлі ойын кешендері, төбешіктер, алтыбақандар және құмсалғыштар орнатылды. Бұдан басқа, аумақта жаздың басында бұталар мен жас ағаш көшеттерінің 250 данасы отырғызылды.

Балабақшада шағын денешынықтыру залы болғанымен, жақын аумақта жабық спорт алаңы салынды. Бүгінде облыстағы барлық мектепке дейінгі мекемелерді салыстырсақ, ол облыста жалғыз болып табылады.