Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өртсөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің мәлімдеуінше, екі кішкентайқызы бар ерлі-зайыпты отбасымен арнаға түсіп шомылмақ болады. Бір кезде олардыңбарлығы суға бата бастайды.
Сол маңда жұмыс істеп жатқан құрылысшылар жедел көмекке аттанған. Олар жапашегушілерді судан шығарып, дәрігерге дейінгі алғашқы көмекті көрсеткен. Соданкейін құтқарушылар мен полицейлерді, жедел жәрдемді шақырған.
«Батыл жігіттерге алғыс білдіреміз. Олар барлығындұрыс істепті. Бастысы, олар қатер төнген адамдарды ажалдың аузынан алып шықты.Олар - Мейрамбек Жиенбаев пен Қанат Қуатбаев. Түгел бір отбасыны құтқарғаныүшін оларға көп алғыс айтамыз», - дейді ТЖД өкілі Рукия Сычева.